Кейкі мерген үңгіріне белгі қойылды

Ұлт ұясы Ұлытауды саяхаттап рухани азық алар жерлер аз емес. Алайда тарихи аймақтарға жетуді оңтайландыру жолдары жан жақты қарастырылса ғана тарих насиқатталып, турист тартылады емес пе..
Мысырға ел құмды көру үшін емес, пирамида мен Нілді көру үшін барады.
Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Шеңбер ауылынан солтүстік-батысқа қарай 7 шақырым қашықтықта орналасқан Қорғасын тауының қиясында, Ұлы Жыланшық өзенінің жағасында Кейкі батырдың үңгіріне барушылар қатары кейінгі жылдары еселеп артқан.
Биыл 14 қыркүйекте батырдың ұрпақтары үңгір орналасқан орынға айшықты белгі қойып, оған баратын жолға ыңғайлы баспалдақтар жасады.
Осыған сәйкес Кейкі үңгірінің жаңаша кейпін таныстыру мақсатында шара ұйымдастырылып Республиканың түкпір түкпірінен зиялы қауым өкілдері және өңірдің қоғам белсенділері және ауыл тұрғындары қатысты.