Uncategorized

Кей жағдайда баланың ұлты қалай анықталады?

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 65 бабының Конституцияның 19-бабы 1-тармағына сәйкестігін тексеру туралы өтінішке қатысты 2025 жылдың 16 сәуірінде Конституциялық Сот №70 нормативтік қаулы шығарып, онда баланың ұлты оның ата-анасының ұлтымен айқындалады және кейіннен тек екінші ата-анасының ұлтына өзгертілуі мүмкін екендігін көрсетті.

Кодекстің 65-бабында баланың ұлтын тек ата-анасының ұлты бойынша анықтау және өзгерту мүмкін болмаған кезде әртүрлі өмірлік жағдайлар ескерілмейтінін Конституциялық Сот атап өтті.

Мәселен, баланың ата-анасының жеке басы белгісіз болуы мүмкін немесе ата-анасының ұлтын растайтын құжаттар немесе мәліметтер болмауы мүмкін.

Бұл бапта сондай-ақ бала отбасына тәрбиелеуге берілген немесе жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымда тәрбиеленетін және ата-анасының ұлтынан ерекшеленетін ұлтты қабылдауға ниет білдірген жағдайлар, басқа ұлттық-мәдени ортада болуы және тәрбиесі және т.б ескерілмейді.

Осыған байланысты Конституциялық Сот баланың ұлтын айқындау мен өзгертудің өзге де тәсілдерін көздемейтін бөлігінде Кодекстің 65-бабын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп таныды.

Әлия Қыстаубаева,

Астана қаласы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры,

әділет кеңесшісі, құқық философиясы докторы

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button