Елорда тынысы

Кедергісіз орта құру жайы талқыланды

Елорданың Алматы ауданы әкімдігінде кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Аудан әкімі төрағалық еткен іс-шара Алматы ауданындағы нысандарда мүгедектігі бар адамдар үшін сапалы кедергісіз ортаны құру, сонымен қоса «inva.gov.kz/ru» қолжетімді интерактивті картасына қатысты сұрақтар бойынша ұйымдастыру жұмыстарының шеңберінде  өткізілді.

Кездесуге Алматы ауданының әкімі Р.Тәуекелов, ауданы әкімінің орынбасары А.Елимсарина, бөлім басшысы С.Бекенова, аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Н.Сыздықов, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары А.Тәңірбергенова, бөлім басшысы  А.Аубакирова, «ДОС» тәуелсіз өмір орталығы» қоғамдық бірлестігінің жоба басшысы Н.Ильясова, осы бірлестік төрағасының кеңесшісі Ж. Дилжанова қатысты.

Департаменттің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бөлім басшысы, мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы Б.Төреханов кедергісіз ортаны қамтамасыз ету бойынша баяндама жасады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button