Uncategorized

Каспийдің деңгейі жыл сайын 70 сантиметрге төмендеп барады

Каспийдің деңгейі жыл сайын 70 сантиметрге төмендеп барады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бес мемлекетке ортақ теңіздің қазақстандық бөлігінде жағалау сызығы 18 шақырымға шегініп кеткен. Ақтауда бас қосқан табиғат жанашыларлары бұл құбылысты экологиялық апатқа теңеп отыр. Жиынға тәуелсіз сарапшылар, жергілікті уәкілетті органдармен қатар, халықаралық ұйым мүшелері онлайн түрде қатысты. Соңғы жылдары жүргізілген зерттеулер теңіз суының жалпы аумағы 70 мың шаршы шақырымға дейін шегініп кеткенін көрсеткен.

«Каспийдің жылдам тайыздануына оған құятын 130 өзеннің көбінің тартылып қалуы, әсіресе Еділдің бойында 12 су электр станциясы салынуы тікелей әсер етті. Мәселенің ғаламдық деңгейге көтерілмеуін, Каспий маңы елдері бірлесе әрекет ету арқылы ғана, тоқтата алады» десті форумға қатысушылар.

– Каспий Аралдың тағдырын бастан кешуі тікелей мүмкін. Келетін судың мөлшері көбейеді екен деп үміттенудің қажеті жоқ. Олай болатын болса, басқа жобаны қарастыру қажет болады. Сонау солтүстіктегі Обь өзенінің бір бөлігін Торғай қақпасы арқылы Каспий теңізіне әкеліп құю. Екінші варианты Еуразия каналын салу. Бұл канал арқылы Қара теңізбен дәлірек айтқанда, Азов теңізі мен Каспий теңізінің арасын Қума-Манаш ойпаттары арқылы қосу,  – дейді «Amanat» партиясы жанындағы экологиялық кеңестің төрағасы Орынбасар Тоғжанов.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button