Ел тынысы
Каспийдегі су деңгейі төмендеп барады.

Премьер-министр Каспий маңы елдерін теңіздің таяздануына қарсы күресте ынтымақтастыққа шақырды. Бұл туралы Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«2000-шы жылдардың басынан бері Каспий теңізі деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Осы және өзге де проблемаларды зерттеу үшін Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылды. Ғалымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Осынау бірегей су айдынын сақтап қалу үшін барлық Каспий маңы мемлекеттерінің батыл үйлестірілген іс-қимылы қажет», – деді Үкімет басшысы.
Бұдан басқа ол Арал маңындағы жағдайға да тоқталды. Қазір Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорын басқарып отыр.