Қоғам

«Каспий» биржасы ESG рейтингін нығайтты

«Каспий» тауар биржасы» АҚ S&P Global халықаралық рейтинг агенттігінен корпоративтік тұрақтылықтың кезекті бағасын (Corporate Sustainability Assessment, CSA) алғаны туралы хабарлайды.

2025 жылғы S&P CSA бағалау қорытындысы бойынша «Каспий» тауар биржасы» АҚ 100 балдық шкала бойынша 60 балл алып, өз көрсеткішін 19 балға жақсартты.

Жаһандық қаржы компаниялары арасында «Каспий» тауар биржасы» АҚ 95-процентильді иеленді – S&P скорингіне қатысқан сала қатысушыларының 95%-ы бұдан төмен балл алды.

S&P Global компаниясының жоғары ESG скорингі «Каспий» тауар биржасы» АҚ-ның бизнесті жауапты және әдепті жүргізуге, экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық орнықтылық қағидаттарын сақтауға, БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына корпоративтік үлесін кеңейтуге бейілділігін растайды.

S&P Global компаниясының «Каспий» тауар биржасы» АҚ-ға берген CSA бағасы жария болып табылады және біздің стейкхолдерлерге S&P Global вебсайтында қолжетімді.

«Каспий» тауар биржасы» АҚ 2011 жылғы қарашада құрылған және бүгінгі күні сауда операцияларының көлемі мен даму серпіні, оның ішінде электрондық сауда саласындағы Қазақстан Республикасының жетекші биржаларының бірі.

«Каспий» тауар биржасы» АҚ әлемнің 25 мыңнан астам компаниялары мен ұйымдарын біріктіретін орнықты даму саласындағы ірі халықаралық бірлестік – БҰҰ Жаһандық шартының қатысушысы.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button