Ел тынысыСаясат

Каирде Қазақстанның конституциялық жаңғыруы талқыланды

Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Асқар Жеңіс араб әлемінің көрнекті саясаткері, Мысырдың бұрынғы Сыртқы істер министрі әрі Араб мемлекеттері лигасының экс-Бас хатшысы Амр Мұсамен кездесті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесудің басты тақырыбы Таяу Шығыстағы ахуал болды. А.Мұса аймақтағы шиеленістің артуына терең алаңдаушылық білдіріп, қазіргі жағдайдың халықаралық қауіпсіздікке төндіретін қатері зор екенін ескертті. Ол кез келген қақтығысты шешуде дипломатиялық жолдың баламасыздығын айтып, аймақты одан әрі дестабилизациядан сақтап қалу үшін бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырды.

Тараптар 15 наурызда өтетін референдум қарсаңындағы Қазақстанның конституциялық жаңғыру барысын егжей-тегжейлі талқылады. Мемлекеттік құрылым саласындағы мол тәжірибесіне сүйене отырып, А.Мұса еліміздің бір палаталы парламентке көшуі мен вице-президент лауазымын енгізу туралы шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, «жаһандық құбылмалылық» кезеңінде билік институттарын нығайту Қазақстанның саяси жүйесін сыртқы сын-қатерлерге төзімді әрі сыртқы серіктестер үшін сенімді ете түседі.

Қазақстанның даму жолына шынайы қызығушылық танытқан мысырлық дипломат алдағы уақытта елімізде өтетін халықаралық форумдар мен маңызды іс-шараларға қатысуға дайын екенін жеткізді. Ол дипломатия және құқықтық даму мәселелері бойынша екіжақты сарапшылық диалогты нығайтуға ниетін білдірді.

Амр Мұса — Мысыр мен әлемдік дипломатияның ардагері. Ол 1991–2001 жылдар аралығында Мысырдың СІМ басқарып, Ливандағы азаматтық соғысты тоқтатуда шешуші рөл атқарды. 2001–2011 жылдары Араб мемлекеттері лигасының Бас хатшысы болды. 2013 жылы Мысырдың жаңа Конституциясын дайындаған комитетке жетекшілік етті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button