Ел тынысы

Кәсіпорын ұжымына өндірістегі қауіпсіздік туралы түсіндірілді

«Астана-Теплотранзит» АҚ-да «Заң мен тәртіп» қағидаттары аясында еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндірме лекциясы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қызметінің бастығы бақылаушылар мен реттеу қызметінің мамандарына сабақ өткізіп, қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтау, өндірістік тәуекелдердің алдын алу және штаттан тыс жағдайларда әрекет ету тәртібі бойынша түсіндірме берді.

Мұндай кездесулер қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға, өндірістік тәртіпті нығайтуға және кәсіпорындағы қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Еңбекті қорғау және заң талаптарын сақтау – тұрақты әрі сенімді жұмыстың кепілі.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button