Құқық

Кәмелетке толмағандар арасында қылмысты азайту шаралары қандай?

Астанада тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс деңгейін төмендетуге және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім» атты ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өткізуде. Бұл шара білім беру жүйесімен және қоғам өкілдерімен бірлесіп, 6 мамырға дейін жүзеге асырылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара профилактиканың әртүрлі бағыттарын қамтиды: құқықтық білім беруден бастап, жастардың бос уақытын өткізуге бақылауды күшейтуге дейін. Жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыруға, олардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, бала тәрбиесіндегі ата-аналар мен заңды өкілдердің рөлін күшейтуге ерекше мән берілуде.

Шара аясында жас жол инспекторлары, еріктілер, прокуратура және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен жалпы гарнизондық шолу ұйымдастырылды. Бірлескен рейдтер оқу орындарында, қоғамдық орындарда – көшелерде, саябақтарда, жастар көп жиналатын орындарда жүргізіледі.
Шараның басым бағыттарының бірі – жол қауіпсіздігі.

Шара барысында кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған 350-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ ойын-сауық мекемелері – кафелер, интернет клубтар, кинотеатрлар және жасөспірімдер бос уақытын өткізетін басқа да орындарда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қалалық білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің құқықтық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған 250-ден астам профилактикалық дәріс ұйымдастырылды.

Полицейлердің мәліметінше, жыл басынан бері Астанада кәмелетке толмағандар 2 мыңнан астам құқық бұзушылық жасаған. Осы орайда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, саналы жастарды тәрбиелеуде мұндай шаралардың маңызы зор.

Барлық құқық бұзушы айыппұл және қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Демалыс және мереке күндері белсенділік арта отырып, рейдтер тұрақты түрде жүргізіледі.

Айта кету керек, Астана қаласы прокуратурасының, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың үйлестіруімен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерімен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, түнгі уақытта қала көшелері мен ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша рейдтер жалғасып жатыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button