Ел тынысы

Кадр даярлау мәселесі талқыланды

Бас қалада Kazakhstan Energy Week-2025 аясында ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің энергетика, экология және мұнай-газ саласы жөніндегі жұмыс тобының тақырыптық панельдік сессиясы өтті.

Сессия Мемлекет басшысының Жарлығымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылы» бастамасына арналды және оған мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастығы мен академиялық орта өкілдері қатысты. Талқылау барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім беру жүйесі мен еңбек нары­ғының өзара байланысын нығайту, сондай-ақ энергетика саласына мамандар даярлау мәселесінің маңызын атап өтті.

«Бүгінде біз білім беру жү­йесі мен еңбек нарығы арасындағы жүйелі байланысты қалыптастырып келеміз. Әсіресе энергетика сияқты стратегия­лық маңызы бар салалар үшін бұл бағыт өте өзекті. Ғылым және жоғары білім министрлігі университеттермен және жұмыс берушілермен бірлесе отырып, цифрландыру мен «жасыл» технологияларды енгізу жағдайында жұмыс істей алатын жаңа буын мамандарды даярлауға бағытталған жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеп жатыр» деді министр.

Назарбаев университетінің президенті, доктор Вакар Ахмад энергетика саласының болашағын қалыптастыруда техникалық және кәсіби білім берудің рөлін атап өтіп, мемлекет, бизнес және жоғары оқу орындарының тығыз ынтымақтастығының маңызын ерекше атап өтті. Сондай-ақ қатысушылар Қазақстан энергетика саласының болашағы адами капиталдың дамуына тікелей байланысты екенін, ал мемлекет, бизнес және білім беру арасындағы тиімді синергия елдің орнықты әрі инновациялық дамуын қамтамасыз етеді деді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button