Қоғам

JOLTAP: мансаптық өсуге зор мүмкіндік

Елордалықтарға жеке кәсібін ашуға, табысын арттыруға және сүйікті ісін табуға көмектесетін JOLTAP жобасы жалғасуда. Бағдарламаның түлегі Райхан Қадырбек қысқа мерзімде жаңа мамандықты игеріп, карьерасы өрлегенін айтып берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Райхан заңгер мамандығын оқығанмен, өз мамандығы бойынша ұзақ жұмыс істемеген. Отбасылық бизнеспен айналысып, уақыт өте келе ол жабылғаннан кейін жаңа жұмыс іздеуге кіріскен.

Жобаға қатысуға JOLTAP курстарынан өткен досы кеңес берген.

«Біз JOLTAP кеңсесіне бірге бардық. Мен бірден «контент-криэйтор» бағытын таңдап, наурыз айында оқуымды бастадым. Курс менің күткенімнен де асып түсті. Кураторымыз Арина Подымская – үлкен тәжірибесі бар SMM маманы. Ол материалды өте қолжетімді және қызықты етіп түсіндіріп қана қоймай, нақты жағдайлардағы әрекеті туралы ой бөлісті. Осының арқасында көп нәрсені үйрендім, жаңа білім алдым», – дейді Райхан.

Курсты тәмамдағаннан кейін жұмысқа орналасқан. Қазіргі уақытта JOLTAP түлегі ірі көтерме сатып алу компанияларының бірінде SMM бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып, курста алған білімін белсенді түрде қолданады.

Райханның айтуынша, жоба оған жаңа кәсіби дағдыларды ғана емес, өзіне деген сенімділікті де берді.

«Мен JOLTAP жобасына тегін оқу және кәсіби өсу мүмкіндігін бергені үшін өте ризамын. Мұндай бастамалар шын мәнінде адамдардың өмірін өзгертеді, олардың орнын табуға және өз әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі», – деді ол.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button