Құқық

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары MNU студенттерімен кездесті

MNU-де Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовпен студенттердің ашық кездесуі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі республикалық кеңестің жұмысы аясында ұйымдастырылды. Диалог алаңының тақырыбы — әрбір жас адамды толғандыратын маңызды сұрақтар: қалай өз жолыңды табуға болады, мақсатқа жету және “оңай” шешімдердің тұзағына түспеу. Бауыржан Әленов студенттерге қызметтік шен тұрғысынан емес, шын жүрегімен жастар үшін алаңдайтын азамат, офицер, әке ретінде сөз сөйледі.

— Бүгінгі заманның ең басты қаупі – есірткі қылмысы. Бұл қылмысқа бүгінде жастар, студенттер, мектеп оқушылары, ауылдан келгендер жиі тартылып жатыр. ”Жеңіл ақша” артында көбіне – күл талқан болған адам тағдыры тұрады, – деді Бауыржан Әленов.

Ол есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталатынын, ал оқу орындарында есірткі таратқандарға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды. ІІМ есірткіге қарсы күресті онлайн да, офлайн да күшейтіп жатыр. Ведомство заманауи технологияларды, жасанды интеллектіні қолданып, ірі цифрлық платформалармен бірлесіп жұмыс істеуде. Сонымен қатар жастарға ықпал ете алатын тұлғалар – спортшылар, блогерлер, журналистерден құралған арнайы кеңес құрылған.

— Біз тек ескертумен шектелмейміз, біз жол көрсетеміз – бұл күш, жігер және адал табыс жолы, – деді Бауыржан Әленов.

Кездесу барысында Гиннестің рекордтар кітабының рекордсмені — Сергей Цырульников, Қазақстанның каратэден чемпионы — Абил Қаир, журналист — Динара Ақылжанова, дінтанушы және дін саласындағы ықпалды медиа тұлғалар Нұрлан Асанов сөз сөйледі. Олардың әрқайсысы өз өмір жолымен мына шындықты дәлелдеді: табыстың жолы – заңды айналып өту емес, еңбек, тәртіп пен өзіңе деген сенім арқылы келеді.

— Сіздер – саясаттың объектісі емессіздер. Сіздер – мемлекеттің серіктестері, оның басты ресурсы және болашағысыздар. Өз тағдырларыңызды ешкімге басқаруға бермеңіздер. Тағдыр – сіздердің қолдарыңызда, – деді ол  Бауыржан Әленов.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button