Құқық

Ірі көлемдегі вейптердің заңсыз таралуына тосқауыл қойылды

Астана қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті электрондық тұтыну жүйелері (вейптер), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымын жүргізген ірі көтерме желінің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Шара «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жүзеге асты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған өнімдер Қазақстанның барлық өңіріне Telegram мессенджері және курьерлік жеткізу арқылы таратылған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 5 қойма анықталды.

Тінту барысында 490 мыңнан астам вейп тәркіленді, олардың сатылымынан түсетін кіріс 6 млрд теңгеден асуы мүмкін еді.
Бұдан бөлек, күдіктілер қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру схемасын ұйымдастырған. Олар ірі сомаларды қолма-қол ақшаға айналдыру және қылмыстық жолмен келген ақшаның ізін жасыру мақсатында банктік карталар өз атына ресімделген адамдарды, яғни дроперлерді — пайдаланған.

Қылмыстық табыстың бір бөлігі шетелден кофе жеткізуге арналған мәмілелерге жұмсалған, жалпы сомасы 92 млн теңгеден асады.

Соттың санкциясымен тыйым салынған өнімдерді тасымалдау үшін пайдаланылған автокөлікке тыйым салынды.
Заңсыз бизнестің ұйымдастырушыларына іздеу жарияланып, олар қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасымен іздестірілуде.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button