Мәслихат

Индустриялық парк салынады

Астана қаласының мәслихаты кезектен тыс сессия отырысында елордада №2 индустрия­лық парк салуды қолдады.

– Қазақстан Республикасының индустриалдық және инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде Астана қаласының әкімдігі екінші индустриялық парк салу жөнінде жұмысты бастады. Парк арнайы экономикалық аймақ шегінде орналасады, аумағы 432 гектар жерді қамтиды, – деді Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов мәслихаттың кезектен тыс сессиясында.

Жаңа индустриялық парк­те жалпы құны 500 млрд теңге болатын 100-ден астам инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Мұнда электрондық жабдық, фармацевтика, химиялық өнімдер зауыты, машина жасау, құрылыс материалдары, тағы сол сияқ­ты салалық жобалар іске асырылады. Парк құ­рылысы үш кезеңге бөлінген. 2026 жылы басталатын құрылыс жұмыстарын 2028 жылы аяқтау жоспарланған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button