Ел тынысы

Хореография академиясында «Креативті арт-индустрия» білім беру бағдарламасы іске қосылды

Қазақ ұлттық хореография академиясында «Креативті арт-индустрия» атты жаңа білім беру бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталған бағдарлама заманауи креативті экономикаға бейімделген білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Оқу бағдарламасына арт-менеджмент, медиаиндустрия, заманауи өнер және цифрлық технологиялар саласы бойынша пәндер енгізілген. Дәрісті отандық және халықаралық сарапшылар жүргізеді.

Еске сала кетейік, биыл креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша заң қабылданған болатын. Сондай-ақ Бюджет кодексі бекітілді. Енді ұлттық лотерея операторы табысының 3%-ы тоқсан сайын Креативті индустрияларды дамытуға қолдау көрсету жөніндегі корпоративтік қорына бөлінетін болады. Қор осы жылдың шілде айында жұмысын бастайды.

Қабылданған шаралар шығармашылық мамандардың құқығын қорғауға, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және елдің мәдени әлеуетін арттыруға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button