Мәдениет
«Халықтық» атаққа ұсынылды

Бас қаламыздың көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» атағын беру бойынша комиссия отырысы өтті. Комиссия құрамына Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, Астана қаласы Мәдениет басқармасына қарасты мәдениет ұйымдарының басшылары енді.
Бағалау барысында ұжымдардың репертуары мен орындаушылық деңгейі тыңдалды. Тиісті атаққа Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы студенттердің «Шаңырақ» театры, «Әдемі» ардагерлер ансамблі, «Әжелер-Шаңырақ» фольклорлық ән-би ансамблі, «Қыздар-ай» хореографиялық ансамблі, «Радуга» орыс әндері ансамблі ұсынылды. Комиссияның қорытынды шешімі жуырда «Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» (немесе «Үлгілі») атақ беру қағидаларына» сәйкес қабылданады.



