Ел тынысы

Халықтың ең көп өсімі Астанада байқалды

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша ел халқы 20,48 миллион адамға жетіп, жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,96%ға өскен, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ең көп өсім Астана қаласы бойынша тіркелді. Елорда тұрғындарының саны 6,67%-ға, яғни 1,53 млннан 1,63 млн-ға дейін өскен.

Екінші орынды Шымкент иеленді, онда халық саны 2,77%-ға өсіп, 1,26 млннан 1,29 млн адамға дейін көбейген.

Алматы үшінші орында, былтыр 11 айда мегаполис тұрғындарының саны 2,31%ға артып, 2,35 млн-нан 2,29 млн адамға жетті.

Сонымен қатар Түркістан облысы шамамен 2,1 млн адам көрсеткішімен еліміздің ең көп қоныстанған өңірлерінің бірі болып қала отырып, халық санының 0,27%-ға төмендегенін көрсетті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button