ӘлеуметБасты ақпарат

Халықты әлеуметтік қорғау – басты міндет

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметінің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Басқарудың аса маңызды басым­дығы – қала тұр­ғындарының өмір сүру сапасын арттыру, кедейлік, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге бағытталған халықты әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді жұмыс істейтін жүйесін құру. Департамент 22 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Атап айтқанда:

– Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету;

– Протез-ортопедия көмегімен қамтамасыз ету;

– Арнайы қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету;

– Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

– Жеке көмекшімен қамтамасыз ету;

– Маманның ым-ишара тілін қамтамасыз етуі;

– Оңалтылған адамға куәлік беру;

– Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аз қамтылғандарға әлеуметтік көмек;

– Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

– Тұрғын үй көмегін таға­йындау;

– Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру;

– Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

– Өтініш берушінің (отбасының) АӘК алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру;

– Жұмыс іздеп жүрген адам­дарды тіркеу;

– Жұмыссыздарды тіркеу;

– Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру;

– Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру;

– Үйде күтім жасау жағда­йында арнаулы әлеуметтік қыз­меттер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;

– МӘМ-де (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу;

– Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту;

– Қандас мәртебесін беру және ұзарту;

– Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту.

Осы қызметтер аясында өткен жылда 400000-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Жұмыспен қамту саясатын іске асыру аясында Астанада жұмыссыз азаматтарды, соның ішінде мақсатты топтарды жұмыспен қамту арқылы жұмыспен қамтуға ықпал ету бойынша кешенді шаралар жүзеге ­асырылуда.

Жұмыссыздықпен күрес бойынша белсенді шараларды қолдану жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді, ол – 4,3% (республика деңгейі бойынша – 4,6%).

2025 жылы жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларымен 17146 адам қамтылды, оның ішінде 9091 жас, ал 8500 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік қорғау саласында департамент жыл сайын шамамен 224000 адамға – зейнеткерлерді, соғыс ардагерлерін, мүгедектерді және аз қамтылған азаматтарды қоса алғанда, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына тегін қызметтер мен ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Кедейлік шегінен төмен табысы бар аз қамтылған азаматтар атаулы әлеуметтік көмек алады; 2025 жылы 1670 отбасы (8648 адам) көмек алды.

Егер коммуналдық қызметтерге ақы төлеу отбасының ай­лық жиынтық табысының 5%-ынан асса, онда басқарма тұрғын үй көмегін көрсетеді. Есепті жылда бұл қызмет 548 отбасын (769 адам) қамтыды. Қолданыстағы әлеуметтік көмек көрсетудің ережелеріне сәйкес, мереке күндері бір жолғы ақшалай төлемдер жасалады, тегін қызметтер көрсетіледі.

Басқарманың басым міндеттерінің бірі – мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау, оларды оңалту. Арнайы әзірленген жеке оңалту және оңалту бағдарламасына сәйкес, протез-ортопедия көмегі, арнайы жүріп-тұру құралдарымен, гигиена, сурдо, тифло-техника құралдарымен, жеке көмекшінің қызметтерімен, санаторий-­курорттық емдеумен, ымдау тіл маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Елордада шамамен 43000 мүгедек тұрады. Оңалту қызметтері әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы көрсетіледі. Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектер мен қызмет көрсетушілер арасындағы тікелей өзара әрекеттесудің бірыңғай цифрлық платформасына айналды.

Департамент сонымен қатар 11 бағынысты мекеменің қызметін үйлестіреді, олардың 7-уі мамандандырылған әлеуметтік қызметтер көрсетеді.

Бүгінде елордада стационар, жартылай стационар жағда­йында арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрін көрсететін мемлекеттік стационарлық және стационарлық емес әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің жүйесі құрылды. Бұл қызметтерді баламалы негізде үкіметтік емес сектор да көрсетеді.

2025 жылы 8000-нан астам мүгедек мамандандырылған әлеу­меттік қызметтермен қамтылды, оның 3800-і мемлекеттік мекемелермен және 4000-ы үкіметтік емес ұйымдар күшімен қамтамасыз етілді.

Азаматтардың жекелеген санаттарына (көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жалғыз­басты және аз қамтылған отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар және т. б.) әртүрлі кеңес беру қызметтерімен, қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетумен, сондай-ақ отбасы институтын жан-жақты қолдау және нығайту мақсатында Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Жанұя» отбасын қолдау орталығы 2019 жылдың 26 тамызынан бастап жұмыс істеп келеді.

Ведомствоаралық ынтымақ­тастықтың тиімділігін арттыру және мұқтаж отбасылар туралы сұрауларға жедел жауап беру, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды (отбасыларды), соның ішінде «Жанұя» орталығы есептегі тұлғалардың жағдайын ерте анықтау және қолдауды ұйымдастыру үшін «FSM Social» мобильді қосымшасы іске қосылды (өз құзыреті шеңберінде түрлі ведомствоның мамандары арасында ақпарат алмасуға арналған инновациялық құрал). Платформаның мақсаты – қиын өмірлік жағдайдағы отбасылар туралы ведомствоаралық деректер алмасуды жеңілдету және кешенді әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру. Осылайша, 2025 жылға қарай басқарма да, оның ведомстволық бағыныс­ты мекемелері де әлеуметтік қолдау шараларын уақытылы қамтамасыз ету үшін маңызды, белсенді және тиімді жұмыс атқарды.

Айгүл УАЙС

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button