Ел тынысыСаясат

Халықаралық заңгерлер қауымдастығы Конституция жобасын қолдады

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада Халықаралық заңгерлер қауымдастығының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Талқылау барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасын қолдап пікір білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, халықаралық қатынастар саласының сарапшылары және ғалымдар қатысты. Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік биліктің конституциялық негіздерін нығайту, адам құқықтары мен бостандығының кепілдігін кеңейту  және қазіргі қоғамдық-саяси өзгерістер жағдайында құқықтық институттардың рөлін арттыру мәселесі қарастырылды.

Жиында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов конституциялық өзгерістердің мазмұны мен елдің ұзақмерзімді дамуының маңызы туралы баса айтты.

«Конституциялық реформа құқық қорғау саласындағы мемлекеттік тетіктердің тиімділігін арттыруға, оларды әрбір азамат үшін анағұрлым қолжетімді әрі түсінікті етуге мүмкіндік береді. Түптеп келгенде, жаңа Конституция жобасының кіріспесінде айқындалған «құқықтық мемлекет» қағидатына негізделген конституциялық өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға, әділеттілік пен заңдылықты қамтамасыз етуге, елдің орнықты дамуына бағытталып отыр» деді депутат.

Іс-шараға қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін жан-жақты әрі кәсіби тұрғыда талқылап, ұсынылып отырған өзгерістер жөнінде талдау жұмыстарын жүргізді.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button