Халықаралық турнирге дайындықты пысықтады

Астананың Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының ұйымдастыруымен Phygital International өкілдерімен «Болашақ ойындары – 2026» турниріне дайындық мәселелері бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жиында аталған іс-шараны ұйымдастырудың негізгі аспектілері, елорданың инфрақұрылымдық дайындығы және өзара іс-әрекет форматтары талқыланды. «Болашақ ойындары – 2026» келесі жылы 18 шілде мен 1 тамыз аралығында Астанада өтеді және классикалық спорт пен жоғары технологиялар тоғысындағы 13 дисциплинаны біріктіреді.
-Астана жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шараны өткізуге, заманауи спорттық және цифрлық инфрақұрылым, ауқымды жарыстарды өткізудегі тәжірибе мен үйлесімді қалалық логистика сияқты қажеттіліктермен қамтамасыз етуге дайын. Елорда спорттық инновациялар әлемінде жаңа стандарттар белгілейтін бұл ойындарды лайықты деңгейде өткізетін алаң болатынына сенімдімін, – деді басқарма басшысы Берік Ахметов.