Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар қосылады

Ұлттық тасымалдаушы Халықаралық әйелдер күніне орай қосымша вагондар шығарады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында солтүстік, оңтүстік және батыс өңірлерде, сондай-ақ, қала маңы бағыттарында қосымша тіркемелі вагондар шығарады.
Жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді. Қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарға енгізіледі.
Жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып ала аласыз. Қосымша ақпарат 1433 байланыс орталығы арқылы ұсынылады. Пойыз қозғалысы туралы мәліметтерді tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-таблодан көруге болады.



