Құқық
«Халық заңгері» шарасы өтті

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында елордадағы Жүсіпбек Аймауытов атындағы №24 орта мектепте «Халық заңгері» акциясы өтті.
Іс-шара барысында қала тұрғындарына заңгерлер, адвокаттар және мемлекеттік органдар өкілдері тегін кеңес берді. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін құқықтық қолдау көрсету. «Халық заңгері» форматы қала тұрғындары үшін өте қолайлы: бір жерде бірнеше маманға бірден жүгініп, түрлі сұрақтарына жауап алуға болады. Кезек күту, артық құжат тасу мәселесі болмайды.



