Қоғам

«Халық қатысатын бюджет» жобасы түсіндірілді

Сарыарқа ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тегін дәріс өтті. Дәріс барысында тұрғындарға бастамаларды іріктеу критерийлері, сондай-ақ жобаны дауыс беруге жіберу үшін қандай талаптарға назар аудару қажет екені жан-жақты түсіндірілді.

Жобалық ұсыныстарды қабылдау 20 қаңтарда басталып, 1 наурызға дейін жалғасады. Осы кезеңде қатысушылар абаттандыру бойынша нақты өзгерістер көрсетілген және қажетті қаражат көлемі есептелген жоспар дайындауы тиіс. Өтінімдер Сарыарқа ауданы әкімдігінің www.saryarka.astana.kz ресми сайты арқылы қабылданады.

Өтінімдер қабылдау аяқ­талғаннан кейін жобалар техникалық тексеру мен талдау кезеңінен өтеді. Бағдарлама талаптарына сай келген бастамалар дауыс беру кезеңіне жіберіліп, оның қорытындысы бойынша іске асырылатын жобалар анықталады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button