Әлеумет

«Халық бухгалтері» көмектеседі

Елордада ұйымдастырылып жатқан «Халық бухгалтері» акциясы аясында қала тұрғындары салық және бухгалтерлік есепке қатысты сұрақтарға жан-жақты жауап ала алады.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, акция жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне салық және бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша тегін кеңес беруге бағытталған. Бүгінге дейін мемлекеттік кірістер органдарының мамандары мен кәсіби бухгалтерлер 3 мыңнан астам астаналыққа консультация берді. Қаңтар-ақпан айларында кеңестер аптасына үш рет өтсе, наурыз айынан бастап аптасына екі рет ұйым­дас­тырылады. Кеңес беру орындарының мекенжайы ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасында жарияланған:
@astana_mkd_dgd_astana. Акция 2026 жылдың 30 мау­сымына дейін ­жалғасады.

 

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button