Елорда тынысы

«GSM» компаниясының Бас директорымен кездесу өтті

Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов пен «VinGroup» вьетнам холдингінің құрамына кіретін «GSM» компаниясының Бас директоры Нгуен Ван Тань мырзаның арасында кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық перспективаларын және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

1993 жылы құрылған VinGroup компаниялар тобы Вьетнамның ең ірі әрі беделді жеке конгломераттарының бірі болып саналады. Холдинг қаржы технологиялары, цифрлық маркетинг, автомобиль жасау, жасыл энергетика, медицина, білім беру, инновациялар, туризм және цифрлық шешімдер сияқты кең ауқымды салаларда жұмыс істейді.

Қазақстан мен Вьетнамды достық, өзара құрмет және стратегиялық әріптестікке негізделген берік байланыстар біріктіреді. Екіжақты қатынастарды нығайту тараптар үшін маңызды басымдық болып табылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button