Қоғам

«Ғылым және спорт: инновациялар, басқару және денсаулық»

Астанада APEMS ұйымдастырған «Ғылым және спорт: инновациялар, басқару және денсаулық» республикалық форумы өтті. Іс-шараға спорт, ғылым және білім саласының мамандары мен жас зерттеушілер қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Форумда ғылым мен спортты біріктіре отырып, инновациялық технологияларды дамыту, спорт жүйесін жаңғырту және ұлттық спортты әлемдік кеңістікке интеграциялау мәселелері талқыланды. Күн тәртібінде спорт менеджменті, спорттық медицина, инновациялық оқыту және цифрлық шешімдер қаралды.

Форум аясында:
* APEMS жанындағы Ғылыми-техникалық кеңестің презентациясы өтті;
* PhD Innovative Sports Management және DBA Corporate Governance & Leadership бағдарламалары таныстырылды;
* APEMS пен Травматология және ортопедия ҒЗИ арасында меморандумға қол қойылды;
* студенттерге арналған инновациялық гранттар табысталды.

Форум спорт пен ғылымды дамытуға жаңа серпін берді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button