Ел тынысы

Ғылым күніндегі турнир

Бас қалада Ғылым қызметкерлері күніне және Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ауқымды волейбол турнирі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарысқа еліміздің барлық өңірінен және көршілес мемлекеттерден осы спорт түрінің әуесқойлары жиналды. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер, бұрын кәсіби спортпен айналысқан прокуратура ардагерлері және түрлі сала өкілдері бар.

Салтанатты іс-шараның ашылу рәсіміне Ресей волейбол федерациясының өкілдері мен бас хатшысы Александр Ярёменко қатысты. Сондай-ақ Олимпиада чемпиондары, Ресей құрамасының ойыншылары Сергей Тетюхин мен Дмитрий Ильиных құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға қолдау білдірді, Қазақстандағы ардагерлер спортының маңызын атап өтті.

– Биыл қазақстандық ардагерлер халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жетті. Команда Абу-Дабиде өткен 65 жастан асқан ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл – отандық ардагерлер спорты үшін зор мақтаныш, – деді Қазақстан параволейбол федерациясының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жарыстар өңірлер мен елдер арасындағы спорт байланысын нығайтып қана қоймай, аға буын арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button