Қоғам

Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіз Қазақстан

Елорданың Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының  ғылыми-сараптамалық тобы мен жас ғалымдар клубының Тәуелсіздік күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіз Қазақстан» атты кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, жас ғалымдар және студенттер қатысты. Тәуелсіздік күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын қорытындылауға арналған іс-шараның басты мақсаты – еліміздің Тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи кезеңдеріне шолу жасау,  этносаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ жастар арасында патриоттық сезімді тәрбилеу болып табылады.

Жиынға модераторлық еткен ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы Тілеген Садықов Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне тоқталып, еліміздегі жалпыұлттық бірлікті нығайту мен сақтауда Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесін атап өтті. Ол ел жетістігін, саяси-экономикалық жетістігін жиі қайталап айтып отыру қажеттігін, Қазақстанның дербес мемлекет болып әлемдік қауымдастыққа кіргенін ұлт тарихындағы үлкен асу деп көрсетті.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай бағыттар тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен жолды жан-жақты саралауға, ел дамуының басты бағдарларын айқындауға мүмкіндік береді. Жиынға қатысқан жас зерттеушілер де өз көзқарастарын білдірді. Солардың бірі – Еуразия ұлттық университетінің магистранты Әсем Мухамадиева. Ол Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа қабылдануы тақырыбын зерттеп жүр. Айтуынша, әлемдік аренада Қазақстанның дербес мемлекет ретінде мойындалуы – еліміздің халықаралық саяси аренадағы ең маңызды жетістіктерінің бірі.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жас ғалымдардың көзқарасын кеңейтіп, сарапшылармен бірлесе тың ұсыныстар әзірлеуге жол ашады дейді. Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, маңызды бағыттар бойынша нақты ұсыныстар жасады.

Сонымен қатар, халқымыздың мәңгілік құндылығы саналатын Тәуелсіздігіміз жайлы баяндалып, мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңдері,   ұлттық бірлікті нығайту және этномәдени үдерістерді ғылыми сүйемелдеу мәселелелері жан-жақты талқыланды.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, келелі ұсыныстарымен бөлісті.

Сонымен қатар ғылыми-сараптамалық топтың белсенділеріне алғыс хаттар табыс етілді.

Айгүл УАЙСОВА

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button