Ел тынысы

Геологиялық деректер ЖИ көмегімен цифрландырылады

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында геологиялық ақпараттың толық цифрландырылып, жүйелендірілуін жеделдетудің маңыздылығын атап өтті, әсіресе бұл процесті жасанды интеллект арқылы жүзеге асыру қажеттігін көрсетті. Осыған байланысты қазіргі уақытта елімізде геологиялық деректерді сақтау, жүйелендіру және тиімді пайдалану үшін жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша толыққанды жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ жасанды интеллект қолданылатын ақпараттық жүйе (Big Data) құру жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Цифрландырудың (сканерлеудің) негізгі мақсаты – 1950–1990 жылдары Қазақстандағы барлық геологиялық қорларда қалыптасқан тарихи геологиялық ақпараттың шамамен 5 млн бірлігін жасанды интеллект технологиялары негізінде машина оқи алатын форматқа аудару. Бұл елдің геологиялық ақпараттарына орталықтандырылған қолжетімділік беріп, пайдалы қазбаларды пайдалануға инвестициялық шешім қабылдауда маңызды фактор болады.

Қазіргі таңда бастапқы геологиялық ақпараттың 97,5%-ы цифрландырылған (сканерленген). Бұл деректер қорындағы шамамен 4,7 млн жеке объектіні құрайды, оның ішінде 4 289 571 қағаз құжат парағы, 250 000 графикалық қосымшалар парағы, 96 020 магниттік таспа және 62 245 картридж бар.

Қазақстандағы барлық геологиялық ақпаратты толық цифрландыру және жүйелендіру процесін 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Жобаны іске асыру нәтижесінде мәтіндік, кестелік және графикалық деректерді машина оқи алатын форматқа аудару, толық функционалды геоақпараттық жүйе негізінде құрылымдық деректер базасын құру және кеңістіктік деректерді сүзгілеу мүмкіндігін қамтамасыз ету, мамандарды жасанды интеллект пен деректер ғылымын қолдануға үйрету, интерактивті карта, аналитикалық құралдар және интеллектуалды чат-бот енгізу көзделген.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button