Әлеумет

Гаджеттерді цифрлық алаяқтықтан қалай қорғауға болады

Алаяқтар қаржылық ақпаратқа қол жеткізу үшін азаматтардың мобильді құрылғыларын жиі пайдаланады. Зиянды қосымшалар, жалған сілтемелер мен хабарламалар арқылы шабуылдаушылар онлайн-банкингке, CVV-кодтарға, логиндерге, құпиясөздерге және басқа да конфиденциалды деректерге қол жеткізуге тырысады. Бұл ақша қаражаттарының және жеке ақпараттың қолды болуына алып келеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мыналарды ұсынады: 

  • антивирустық бағдарламалық қамтылымды орнату және оны үнемі жаңартып отыру;
  • қосымшаларды тек ресми көздерден (Google Play, App Store) жүктеу;
  • қосымшалар сұраған рұқсаттарды тексеріп, контактілерге, SMS-ке, микрофонға және экранға кіруді шектеу;
  • хаттардың, мессенджерлердің және push-хабарламалардың күдікті сілтемелері бойынша өтпеу;
  • түрлі қызметтер үшін күрделі және әр түрлі құпиясөздерді, құпиясөз менеджерлерін қолдану;
  • банк карталарының фотосуреттерін, құпиясөздерді және электрондық қолтаңбаны телефонда сақтамау;
  • құрылғы жоғалған кезде экранды бұғаттауды, биометриялық қорғауды және деректерді қашықтан жою мүмкіндігін қосу;
  • қоңырау шалушы өзін банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырса да, телефон немесе мессенджерлер арқылы кодтарды, құпиясөздерді және басқа да құпия ақпаратты хабарламау.

Сонымен қатар:

  • операциялық жүйені және орнатылған қосымшаларды үнемі жаңартып отыру, өйткені жаңартуларда маңызды қауіпсіздік патчтары бар;
  • банктік хабарламалар арқылы қаржылық операцияларды қадағалап отыру, транзакцияларға шектеулер қою, сонымен қатар банктік қосымшаға кірген кезде биометрияны қолдану;
  • бүкіл отбасының кибергигиенасын жүргізу: балалар мен қарт туыстарыңызға алаяқтықты нақты хабарландырулардан қалай ажыратуға болатынын және әлеуметтік инженерияға қалай қарсы тұру керектігін түсіндіру ұсынылады.

Егер сіз құрылғыны жоғалтсаңыз немесе рұқсатсыз кіруден күдіктенсеңіз:

  • банк карталарын дереу бұғаттаңыз, барлық құпиясөздерді өзгертіңіз және онлайн-банктегі сессияларды өшіріңіз;
  • құқық қорғау органдарына хабарласыңыз;
  • қажет болса – ұялы байланыс операторы арқылы SIM-картаны бұғаттаңыз.

Өзге де пайдалы материалдармен Fingramota.kz. сайтынан таныса аласыздар

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button