«Fizmat Chess Open Astana 2026»

2026 жылғы 4 сәуір күні Астана қаласында жылдам шахмат түрінен «Fizmat Chess Open Astana 2026» халықаралық турнирі басталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жарыстың ресми үйлестірушілері – Астана қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебі» Коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалы мен GMCA шахмат академиясы. Бас демеушісі – Қазақстан шахмат федерациясының Астана қаласындағы филиалы.
Екі күнге созылатын турнирге 5-16 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатыса алады.
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 1 200 000 теңге. Бас жүлде: Республикалық физика-математика мектебінің 2 оқу гранты. Ол ұлдар арасындағы үздік пен қыздар арасында жоғары нәтиже көрсеткен шахматшы қызға беріледі.
Турнирде барлығы 300-ден аса қатысушы бақ сынайды. 8 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар, сондай-ақ 12 жасқа дейінгі қатысушылар арасындағы үздіктер де арнайы номинациялар бойынша анықталады.
Жылдам шахмат турнирі балалар мен жасөспірімдерді шахматқа қызықтыруға, стратегиялық ойлау қабілеттерін дамытуға және спорттық шеберлікті шыңдауға бағытталған.
Турнирдің өтетін күндері: 2026 жылғы 04-05 сәуір
Өтетін орны: Түркістан көшесі 2/1



