Еуропалық ғарыш агенттігі Қазақстандағы көлдің бірегей суретін жариялады

Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) Қазақстандағы «Алакөл» көлінің бірегей спутниктік суреттін көпшілік назарына ұсынды. Бұл 3 радиолокациялық түсірілімді біріктіреді және 2025 жылғы көктем мезгіліндегі су айдыны мен ландшафттағы маусымдық өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
ESA наурыз, сәуір және мамыр айларында түсірілген үш бөлек суретті біріктірді. Түсірілім Copernicus Sentinel-1 спутнигі арқылы жүргізілген. Әр суретке жеке түс берілген.
«Алакөл атауы «ала көл» дегенді білдіреді. Суретте оны түсірілім кезіндегі көл бетіндегі мұз қабатының өзгеруіне байланысты көк және жасыл түстің әртүрлі реңктерінде көруге болады. Бұл тұзды көл қыста шамамен екі ай бойы мұзбен жабылып, ерте көктемде ашылатындықтан, көгілдір болып көрінеді. Себебі наурыз айындағы түсірілім кезінде оның беті негізінен қатып тұрған», – деп атап өтеді ESA
Суретте Алакөлдің солтүстік-батысында орналасқан көршілес Кошкаркөл және Сасыккөл көлдері де көрсетілген. Олардың айналасы сары, қызғылт және күлгін түстерге боялып, көктем кезіндегі өсімдіктердің өзгеруін көрсетеді. ESA Алакөл–Сасыккөл көлдер жүйесі Рамсар конвенциясы бойынша халықаралық маңызды сулы-батпақты алқап екендігіне және ЮНЕСКО биосфералық резерваттар тізіміне енгеніне назар аударады. Олар далматин пеликаны мен үлкен қоқиқаз тәрізді әртүрлі құстардың маңызды көші-қон бағыты және ұя салатын орны.
Алакөлге өзіне бірінші рет назар аударып отырған жоқ. Бұл көл – бұрыннан бері өзінің минералды және емдік қасиеттерімен танымал. Кеңестің кезеңде ғарышкерлер Жерге оралған соң, ағзаны қалпына келтіру және ғарыштық радиациядан тазарту мақсатында Алакөлге жіберілген. Бүгінде көлдің шипалы суы мен құрамы ерекше балшығы туристердің қызығушылығын оятады.
Атап өткен жөн, 2022 жылдан бері Kazakh Tourism «Kids Go Free» бағдарламасын жүзеге асырып келеді және оның аясында «Алакөл» көлі екінші жыл қатарынан ең сұранысқа ие дестинацияға айналып отыр. 2024 жылы 700 астам бала бұл бағыт бойынша тегін әуе билеттерін иеленсе, туроператорлар 330-дан астам турды сатты.