Ел тынысыСаясат

Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы Конституция жобасының жаңашылдығымен танысты

Қазақстан Республикасының Страсбургтағы Бас консулы Анель Бақытбекқызы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) Хатшылығы комитеттерінің директоры Соня Сирторимен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кездесу барысында ЕКПА өкілі Қазақстандағы конституциялық реформаның барысы туралы жан-жақты хабардар етілді.

А.Бақытбекқызы еліміздегі ауқымды саяси жаңғырулардың негізгі кезеңдері жөнінде айтып, олардың тағдырлы маңызын атап өтті. Әсіресе, Негізгі заңды жүйелі түрде жаңарту, оны цифрлық трансформация жағдайындағы заманауи сын-қатерлер мен мемлекетті дамытудың стратегиялық міндеттеріне бейімдеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осылайша, жаңа Конституция жобасы құқық үстемдігіне, жария биліктің жауапкершілігіне және адам құқықтарының басымдығына негізделген заманауи, теңгерімді әрі құқықтық тұрғыдан орнықты мемлекет моделін қалыптастырады.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан мен ЕКПА арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы күн тәртібіндегі өзекті саяси мәселелері қаралды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button