Қоғам

Эстетикалық топтық гимнастика құрама командасымен кездесу өтті

Қазақстандық спортшы қыздар Малайзиядан оралды, онда олар Халықаралық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының қолдауымен өткен халықаралық MAGGA CUP турниріне қатысқан болатын, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарысқа 9 елден 389 спортшыдан құралған 59 команда қатысты. Қазақстан намысын Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан барған 11 команда қорғады – олар жоғары дайындық деңгейін және керемет нәтижелер көрсетті.

Жасөспірімдер (14–16 жас) – 3-орын, Alem командасы, Шымкент қаласы
12–14 жастағы балалар – 3-орын, Samruk Pre Junior командасы, Астана қаласы
10–12 жастағы балалар – 2-орын, Blossom, Алматы қаласы, 3-орын, Future командасы, Алматы қаласы

10–12 жастағы балалар – 1-орын, Symphony командасы, Алматы қаласы
8–10 жастағы балалар – 1-орын, Fenix командасы, Астана қаласы

Алда — қараша айында Болгарияда өтетін Әлем чемпионаты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button