Ел тынысы

«Есірткісіз жарқын болашақ»: Астанада сурет көрмесі өтті

Астанада Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Есірткісіз жарқын болашақ» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бағдарлама мектептің «Балдәурен» хор ұжымының орындауындағы әнмен ашылды. Сонымен қатар, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы дайындаған «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында бейнеролик ұсынылды.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерге салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу. Көрмеге қойылған оқушылардың шығармасында олардың болашаққа деген көзқарасы, арман-мақсаты және есірткіге қарсы азаматтық ұстанымы бейнеленген.

Оқушылар көрмеге қойылған өз суретін таныстырып, ой-пікірімен бөлісті. Іс-шараның маңызды бөлігінің бірі – «Қолтаңба қабырғасы» акциясы болды. Оған қатысушылар «Мен есірткісіз өмірді таңдаймын!» деген ұстанымды қолдай отырып, арнайы баннерге түрлі-түсті алақан ізін қалдырды.

Жиын қорытындысында көрмеге қойылған үздік жұмыстар марапатталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button