Елорда тынысы

Есіл ауданында заңсыз қоқыс төгілетін орындар жойылды

Есіл ауданында ғарыштық мониторинг арқылы анықталған заңсыз қоқыс төгілетін 6 орын толықтай жойылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Биыл «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының ғарыштық бақылауы арқылы қоқыс жинақталған 89 шағын қоқыс орнынан тұратын 10 ірі аумақты тіркелген болатын.

Қазіргі таңда осы 10 ірі аумақтың 6-ы, яғни 53 қоқыс орны толығымен тазартылды. Жұмысқа қолайлы кезең басынан бері аудан аумағынан 65 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.

Заңсыз төгіндінің алдын алу мақсатында бұрынғы қоқыс орындарына апаратын жолдарға арнайы шектеулер мен тосқауыл бекеттері орнатылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button