Есіл ауданына -17 жыл

Есіл ауданы 2008 жылғы 5 тамызда құрылып, биыл 17 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Бүгінде елордамыздың жүрегіне айналған бұл әкімшілік аумақта еліміздің вищиттік карталары саналатын «Бәйтерек» монументі, «ЕХРО» көрме орталығы, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы сынды көрнекті сәулет нысандары, мемлекеттік маңызы бар мекемелер орналасқан. 17 жыл ішінде аудан 594 көпқабатты және 2 725 жеке тұрғын үйді қамтитын ірі аумаққа айналды.
Аумағында 38 мектеп, 12 медицина ұйымы, 4 саябақ, 31 сквер, 8 ескерткіш және 15 мәдениет пен спорт нысаны жұмыс істейді. Сондай-ақ көше-жол желісі 180 шақырымға жетіп, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр.
2022 жылы аудан екіге бөлініп, бұрынғы аумақта жаңа — «Нұра» ауданы құрылды. Соған қарамастан, Есіл ауданындағы халық саны күн санап өсіп келеді. Бұл — ауданның жоғары тартымдылығы мен тұрақты дамуының айқын көрсеткіші. Құрметті Есіл ауданының тұрғындары! Сіздерді ауданымыздың 17 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Бірге көркейіп, бірге өсейік!