Қала мен сала

Елорданың көлік жүйесін дамыту стратегиясы талқыланды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың жұмыс кездесуі өтті. Кездесуде елорданың көлік жүйесін дамыту бойынша кешенді стратегия әзірлеу мәселесі сөз болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тараптар жол және көлік инфрақұрылымын жаңғыртуды, теміржол қатынасын қалалық ортаға интеграциялауды, сондай-ақ елорда шекараларында көлік-логистикалық жүйені, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және қалалық ұтқырлықты дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруды қоса алғанда, өзекті мәселелерді талқылады.

Астана — бүгінде еліміздің негізгі көлік хабы, ол арқылы Қазақстанның барлық өңірлерін байланыстыратын және одан тысқары шығатын аса маңызды теміржол, автомобиль және авиациялық бағдарлар өтеді. Жиында жеке инвестицияларды тарта отырып, қаланы айналып өтетін теміржол жолын салу жөніндегі басымдықты жоба жеке қаралды.

Қала астананың даму мен халықаралық ынтымақтастық, инвестициялар тарту орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтып, логистикалық ағындарды басқаруда, жолаушылар мен жүк тасымалын үйлестіруде стратегиялық рөл атқарады.

Көлік тораптарына іргелес аумақтарды абаттандыру, логистиканы жақсарту және инфрақұрылым объектілерінің өткізу қабілетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Диалог шеңберінде қазіргі Астананың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және орнықты көлік жүйесін құру үшін күш-жігерді одан әрі үйлестіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button