Ел тынысы

Елорданың болашақ келбеті қандай болмақ?

Парламент Сенатының депутаты Бибигүл Жексенбай «Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтының ұжымымен кездесіп, қала құрылысы саясатының өзекті мәселелерін талқылады. Кездесудің негізгі өзегі — Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, Астананы тұрғындар үшін қауіпсіз, жайлы және өмір сүру сапасы жоғары заманауи мегаполис ретінде дамыту болды. Сұхбат барысында қаланың 2035 жылға дейінгі Бас жоспарына енгізілген өзгерістер мен елордалық агломерацияны қалыптастыру  жобалары ерекше қаралды,деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сенатор өз сөзінде қаланың сәулеттік келбетін дизайн-код талаптарына сай қалыптастыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және көлік жүйесін жаңғырту қажеттігіне тоқталды. Әсіресе, соңғы екі жылда Парламент қабылдаған заңнамалық өзгерістер, соның ішінде Жер кодексіне енгізілген түзетулер жер ресурстарын тиімді пайдалануға және нысандарды бөлудегі ашықтықты арттыруға жол ашатынын атап өтті. Жаңа талаптар бойынша құрылыс кезінде жасыл аймақтарды сақтау, инклюзивті орта құру және қоғамдық көлік жүктемесін азайту басты басымдыққа ие.

Кездесуді қорытындылай келе, Бибигүл Жексенбай қала құрылысы тек құжат жүзінде емес, халықтың нақты сұранысын ескере отырып жүзеге асуы керектігін айтты. 

«Біздің мақсатымыз — кәсіби қоғамдастықпен бірігіп, адам мүддесіне бағытталған заңнамалық бастамаларды әзірлеу», — деді депутат.

Бас жоспарды іске асыруда абаттандыру және әлеуметтік нысандарды орналастыру бойынша елорда тұрғындарының пікірлеріне баса назар аударылатын болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button