Елорданы экологиялық әрі жайлы қалаға айналдыру жұмыстары жалғасуда

Елорданы экологиялық әрі жайлы қалаға айналдыру жұмыстары жалғасуда. Негізгі басымдық – көгалдандыру мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру. Бұл туралы Астана урбанистика орталығының әлеуметтік желідегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Орталық берген мәлімет бойынша биыл қалада 1 миллион жасыл желек отырғызылады, оның ішінде 65 000 ағаш қаланың түрлі аймақтарында егілмек. Сонымен қатар 210 нысан абаттандырылады, олар: 47 жаңа және жаңғыртылған қоғамдық кеңістік және 163 жайлы әрі қауіпсіз аула
Саябақтар мен жағалаулар жайына келсек, елорданың негізгі жасыл кластерлері көгалдандырылады, олар: Мәңгілік Ел даңғылы, Есіл саябағы, Триатлон саябағы, Президенттік саябақ.
Сондай-ақ, Қабанбай батыр мен Сарайшық көшелері арасындағы жағалау жаңғыртылып, халық үшін демалыс аймағына айналады. LRT эстакадасының астында, яғнни Сығанақ және Қабанбай батыр көшелерінде 7500 ағаш отырғызылып, көпір астындағы кеңістіктер қоғамдық демалыс аймағына айналады.
Greenline – қаланың жаңа жаяу жүргіншілер осі бойынша «Хан Шатыр» сауда орталығы артында Greenline бульварының құрылысы жалғасуда. Ол жерде заманауи ландшафтық дизайн, жаңбыр бақтары, тоғандар және су жинау жүйесі салынуда. Бұл тұсқа 1100 ағаш, 25 000 бұта, көпжылдық өсімдіктер мен дәнді дақылдар отырғызылады. Бульвардың басым бөлігі жаяу жүргіншілерге арналған
Аулалар мен гүлзарларға келсек, қалада 88 аула жаңартылып, оның 18-і кешенді түрде абаттандырылады, 4000 жаңа ағаш отырғызылады. Сарыарқа ауданында Мемлекеттік филармония мен Кенесары хан ескерткіші маңындағы скверлер жаңартылады.
Жаңа жасыл аймақтар пайда болады, атап айтқанда Нұра ауданында – 10 000 ағаш, 110 000 бұта, Есіл ауданында – 16 000 ағаш, 68 000 бұта отырғызылады, Алматы ауданында – Қажымұқан, Мұнайтпасов, Жұмабаев көшелері жаңғыртылады, Сарайшықта – 14 000 ағаш егіледі, Пригородный шағын ауданында – жаңа сквер пайда болады