Ел тынысы

Елордалық зілтемірші Азия чемпионатында екі бірдей медаль жеңіп алды

Елордалық зілтемірші Аңсар Тұрсымбек Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында екі бірдей күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жақындап келеді.

Қазақстан ерлер құрамасының сапында елордалық спортшы Аңсар Тұрсымбек +94 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Аңсар серпе көтеру бағдарламасында 182 келі және қоссайыс нәтижесінде жалпы 326 келіні (144+182) бағындырып, жасөспірімдер арасындағы додада қос күміс жүлдені жеңіп алды.

Бұл сында бірінші орынға 334 келімен (151+183) Оңтүстік Корея өкілі Инхок Ким ие болса, үшінші орын 324 келімен (152+172) Өзбекстан өкілі Хусонбай Халмуратовқа бұйырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button