Ел тынысыСаясат

Елордалық ЖОО қызметкерлері мен студенттері жаңа Конституция жобасын талқылады

Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде жаңа Конституцияның жобасы және құжаттың қоғамды, білім беру жүйесін және аграрлық секторды дамытудағы маңызы талқыланған кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесуді университеттің басқарма төрағасы – ректор, ҚР ҰҒА академигі, ғылым докторы Қанат Тіреуов өткізді. Іс-шараға басқарма мүшелері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, институт директорлары, білім беру бағдарламалары топтарының жетекшілері, профессор-оқытушылар құрамы және университет студенттері қатысты.
Талқылау барысында саяси жүйені жаңғыртудың негізгі бағыттары және Негізгі заңды қазіргі әлеуметтік-экономикалық сын-қатерлерге бейімдеу мәселелері айқындалды.
«Негізгі заңның тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге, қазақстандық қоғамға тән басты құндылықтарды көрсетуге, сондай-ақ елдің саяси институттарының тиімділігі мен құрылымдық тұрақтылығын арттыруға бағытталған. Алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде жарияланды», – деді әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Жазира Жазықбаева.
Айта кету керек, Конституцияның жаңа редакциясының негізгі идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар айқындалған. Бұл адам капиталын дамытуға бағытталған стратегиялық бетбұрысты білдіреді. Цифрландыру мәселесіне де ерекше назар аударылған: алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау нормасы бекітілді.
Конституция жобасы 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент құруды, оны пропорционалды жүйе бойынша жасақтауды, жалпыұлттық диалог алаңы – Қазақстан Халық кеңесін құруды, вице-президент институтын енгізуді, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау және кінәсіздік презумпциясы қағидатын сақтау сияқты азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктерді күшейтуді көздейді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button