Ел тынысы
Елордалық жеңіл атлет жасөспірім Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Елордалық спортшы Виктория Мельникова Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер Азия ойындарының екінші күміс медалін Қазақстанға әкелді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
1500 метр қашықтықтағы финалдық жарыста Мельникова 4:51.61 нәтижесін көрсетіп, Өзбекстаннан келген спортшы Назима Рахимжоновадан небәрі 0,41 секунд (4:51.20) ұтылды. Қола жүлдені Шри-Ланкадан келген Санипа Гимхани жеңіп алды (4:52.32). Қазақстанның тағы бір өкілі Агата Красаева жетінші орынды иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының активінде төрт медаль бар. Бұған дейін Триатлондағы күмісті Рамазан Айнегов жеңіп алған болатын.



