Қоғам

Елордалық жас спортшылар экологиялық іс-шара өткізді

Астана қаласы әкімдігінің №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Кикбоксинг» бөлімінің тәрбиеленушілері жазғы жаттығу лагері аясында экологиялық мәдениетті дәріптеуге бағытталған игі іске атсалысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бөлім бапкері Данияр Шимировтің жетекшілігімен жас спортшылар «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қолдау білдіріп, тазалық жұмысын жүргізді.
Жазғы лагерьге қатысып жатқан спортшылар өздері жаттығатын Әл-Фараби көшесі, 53/3 мекенжайындағы спорт залының маңын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді. Бұл бастама өскелең ұрпақтың табиғатқа жанашырлықпен қарауына, жауапкершілік сезімінің қалыптасуына және экологиялық тәрбиенің артуына ықпал етеді дейді жаттықтырушы.

«Біз тек спортпен шұғылданып қана қоймай, балалардың бойына отансүйгіштік пен табиғатқа құрмет сияқты құндылықтарды сіңіруге тырысамыз. «Таза Қазақстан» акциясы – осы тұрғыда үлкен тәрбие мектебі», – дейді бапкер Данияр Шимиров.

Айта кетейік, жазғы кезеңде аталған бөлімде бірқатар белсенді іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл тек спорттық шеберлікті шыңдап қана қоймай, жасөспірімдердің жан-жақты дамуына серпін беруде. Мұнда спортшылар кикбоксингпен қатар қазақ күресі, футбол, волейбол сияқты спорт түрлерімен айналысады. Сондай-ақ тренажер залында жаттығады. Бұдан бөлек, өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету және тәрбиелік бағыттағы дәрістер де жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button