Әлеумет

Елордалық зейнеткерлер «Жақсылық жасап жарысайық» акциясын өткізді

Наурыз мейрамы қарсаңында Байқоңыр ауданының зейнеткерлері «Жақсылық жасап жарысайық» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Йога үйірмесіне қатысатын белсенді әжелер әр бейсенбі сайын қайырымдылық шараларын ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің спорт нұсқаушысы Эльвира Шамсутдинованың жетекшілігімен бірқатар зейнеткерлер азық-түлік себеттерін дайындады. Қайырымдылық себетіне ең алдымен күнделікті тұрмысқа қажетті негізгі азық-түлік түрлері енгізілді.
Ерікті әжелер бұл жолы елорданың шалғай аумағында орналасқан «Лесозавод» шағын ауданының тұрғындарына көмек көрсетті. Атап айтқанда, көпбалалы, жалғызбасты аналарға, сондай-ақ жалдамалы пәтерде тұратын отбасыларға қолдау білдірді.

Өз кезегінде әлеуметтік қиындықтарға тап болған отбасылар волонтер әжелерге жүрекжарды алғыстарын айтып, ақ баталарын берді. Қайырымдылық акциясы зейнеткерлердің қоғамдағы белсенділігі мен мейірімділігінің жарқын көрінісіне айналды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button