
Елордалық ТЖД бастығының орынбасары Әрлен Бүркітбай жаңа Конституция жобасын жеке құрамға жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жобада азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, білім мен ғылым, мәдениет пен инновациялар, сондай-ақ цифрландыру бағыттары қарастырылған. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтардың басты назарда екені атап өтілді. Жаңа нұсқада Жаңа Құрылтай мен Халық кеңесінің негізгі міндеттері де нақты көрсетіледі.
Жеке құрамға жеткізілген бұл өзгерістер патриоттық тәрбиені күшейтуге, өз құқықтарын қорғау және сақтауға бағытталған.
фото: Астана қалалық ТЖ департаменті сайтынан



