Елорда тынысы

Елордалық спортшылар – конкурден өткен чемпионат жүлдегерлері

 Алматы облысындағы Almaty Horse & Polo Club аумағында конкурден Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыстың басты мақсаты – конкур сайысында болашағынан үміт күттіретін спорттық жылқыларды анықтау, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысының спортшылары қатысты. 4 пен 7 жас аралығындағы жылқылар 80-130 см биіктегі кедергілермен жабдықталған маршруттарда сынға түсті.

Қазылар алқасы шабандоз бен жылқы арасындағы өзара әрекеттестікті, кедергілерді бағындыру техникасы мен стилін, сондай-ақ жылдамдықты бағалады. Бұл қасиеттер болашақта халықаралық ірі турнирлерде табысты өнер көрсету үшін аса маңызды.

Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.

Астана атынан жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

• Конкур №1 – 7 жасар жылқылар (120-130 см): 1-орын – Азамат Хасенов, Изи Стар атты жылқымен.

• Конкур №3 – 5 жасар жылқылар (100-110 см): 2-орын – Ануар Досмайылов, Гугл атты жылқымен.

• Конкур №4 – 4 жасар жылқылар (80-100 см): 1-орын – Жалғасбек Сүлейменқұлов, Лебедь атты жылқымен, 2-орын – Қылышбек Ғаппар, Тутанхамон атты жылқымен.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button