Ел тынысы

Елордалық шахматшы ел чемпионы атанды

Астанада классикалық шахматтан ел чемпионаты өтіп, елордалық Қазыбек Нөгербек чемпион атанды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Турнирге еліміздің ең үздік рейтингке ие 14 шахматшысы қатысты. Олардың арасында өнер көрсеткен елордалық спортшылар да жеңіс тұғырынан көрінді.
Әйелдер арасында елордалық Меруерт Камалиденова 8,5 ұпай жинап, қола медаль жеңіп алды. Ал ерлер арасындағы басты тартыс Астана қаласының спортшысы Қазыбек Нөгербек пен Денис Махнев арасында өрбіді. Қосымша рапид және блиц партиялары арқылы өткен шешуші ойында Қазыбек өз карьерасында алғаш рет классикалық шахматтан ел чемпионы атағын жеңіп алды.

Сондай-ақ, елордалық Жандос Ағманов тартысты жарысты 4-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button