Құқық
Тұрғындар өтінішіне құлақ түрді

Сарайшық ауданы прокуратурасы «Адам арманы» үй кешені тұрғындарының ауланы абаттандырудың жоқтығына қатысты ұжымдық өтінішін қарады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Құрылыс салушы бекітілген сәулет-жоспарлау тапсырмасының талаптарына қарамастан, бүгінгі күнге дейін паркингтің гидрооқшаулауын жүргізбеген, пандусқа қоршау және ойын алаңын орнатпаған.
Мәселені шешу мақсатында прокуратура сотқа талап арыз беріп, құрылыс салушыны ауланы абаттандыруға және үйді тиісті пайдалануға беруге міндеттеуді сұрады.
Сот талап арызды қанағаттандырды, сот шешімі күшіне енді.
Қазіргі уақытта, құрылыс салушымен барлық кемшіліктер жойылды.
Аталған жұмыс үй тұрғындары тарапынан оң бағаланды.



