Қоғам

Елордалық оқушылардың ерекше экожобасы

Астаналық оқушылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ерекше жобаны жүзеге асырды, деп хабарлады astana-akshamy.kz.

Бұл жобамен қаладағы Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейдің физика пәнінің мұғалімі Гүлмира Пармонованың жетекшілігімен 11-сынып оқушылары Алуа Болатова мен Сыпабек Ұлықбек айналысты.

«Қоршаған ортаны қорғау – тек табиғатты аялау ғана емес, ол болашаққа деген жауапкершілік. Мен мұғалім ретінде бұл ұғымды оқушылардың бойына сіңіруді басты міндеттерімнің бірі деп санаймын. Экологиялық ойлау, ресурстарды үнемдеу, тұрақты даму туралы түсінік мектеп қабырғасынан басталуы тиіс. Осы бағытта біз «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ерекше әрі маңызды жобаны жүзеге асырдық», – деді ұстаз.

Жобаның тақырыбы – «EcoFuture: Жасыл болашақ моделі».
«Атауының өзі айтып тұрғандай, біз болашақтың экологиялық әрі инновациялық тәсілдерін шағын масштабта мектеп жағдайында жүзеге асырып көрдік. Гидропоника жүйесін жасап, өсімдіктерді топырақсыз, қоректік ерітінді арқылы өсірудің жолдарын зерттедік. Бұл әдіс – қазіргі таңда бүкіл әлемде кеңінен қолданылып келе жатқан ресурсты үнемдейтін ауыл шаруашылығының заманауи түрі», – деп бөлісті жоба жетекшісі.

Оның басты мақсаты – оқушыларға ғылым мен экологияны ұштастыра отырып, жасыл технологияларға қызығушылық қалыптастыру, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау идеясын нақты тәжірибе арқылы түсіндіру.

«EcoFuture: Жасыл болашақ моделі» – бұл жай ғана эксперимент емес, бұл – жас ұрпақтың табиғатқа деген көзқарасын өзгертуге арналған нақты қадам. Бұл жоба арқылы біз балалардың тек өсімдік өсіру дағдысын ғана емес, жауапкершілік, ғылыми ойлау, болашақты ойлау қабілетін дамытуды көздедік», – деді физика пәнінің мұғалімі.

Ұстаздың айтуынша, гидропоника – бұл өсімдіктерді топырақсыз, арнайы қоректік ерітіндіде өсіру технологиясы. Бұл әдісте өсімдікке қажетті барлық минералды заттар сумен бірге беріледі. Яғни өсімдік тамыры топырақта емес, су ерітіндісінде орналасады.

«Гидропоника – қазіргі ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылып келе жатқан инновациялық әдістердің бірі. Бұл технология әсіресе жер ресурсы шектеулі, ауа райы қолайсыз аймақтарда тиімді болып саналады. Мысалы, қала ішінде, тіпті мектеп сыныптарында да шағын жылыжай жасап, көкөніс, шөптесін өсімдіктер немесе гүлдер өсіруге болады.«EcoFuture: Жасыл болашақ моделі» жобасы аясында біз осы технологияны өз қолымызбен құрастырып, оның жұмыс істеу механизмін тәжірибе арқылы көрсеттік. Бұл оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, экологиялық ойлау жүйесін де қалыптастырады», – деді ол.

Сондай-ақ ұстаз гидропониканың пайдасы туралы да айтты.

«Гидропониканың көптеген артықшылықтары бар: Біріншіден, су үнемделеді. Дәстүрлі егіншілікте өсімдікке жеткенше судың көп бөлігі топыраққа сіңіп, ысырап болады. Ал гидропоникада су тұйық жүйеде айналып, үнемі қайталанып қолданылады. Бұл 70-90% дейін суды үнемдеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, топырақ қажет емес. Кей өңірлерде топырақтың құнарсыз болуы немесе тіпті жарамсыздығы – үлкен мәселе. Гидропоникада бұл проблема шешіледі. Бұл әдіспен балконда, мектеп кабинетінде, тіпті ғимарат ішінде де егін егуге болады», – деді елордалық ұстаз.

Сонымен қоса, ол – экологиялық таза өнім. Оның айтуынша, топырақта өсімдіктерге зиян келтіретін жәндіктер мен арамшөптер көп. Ал гидропоникада олардың ықпалы жоқ, сондықтан пестицидтер мен химикаттарды қолдану қажеттілігі азаяды. Бұл – адам денсаулығына да пайдалы.

«Мұнда жыл бойы өнім алуға болады. Бұл технология ауа райына тәуелсіз жұмыс істейді. Қыста да, жазда да өсімдік өсіруге болады. Жағдайды дұрыс қадағалау арқылы өнімділік жоғары болады. Сондай-ақ оның оқу процесіне үлкен пайдасы бар.

алпы гидропоника – бұл тірі зертхана. Оқушылар биология, экология, химия және физика пәндерімен байланыстыра отырып нақты тәжірибе жасай алады. Бұл – пәндер арасындағы интеграция мен функционалдық сауаттылықты дамытуға мүмкіндік береді», – деп сөзін түйіндеді ұстаз.

Сондай-ақ, оқушылар былтыр Ө.Жолдасбеков атындағы XIV Халықаралық математика және механика бойынша зерттеу жобалар конкурсына қатысып, ІІІ орын алған болатын.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button